Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
30-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік тоқтатылған кезде пайды сату, төлеу (беру)



Ст. 30 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ




1. Кооператив мүшесi өзiнiң пайын басқа тұлғаның иелiгiне беруге және ауыл шаруашылығы кооперативінен шығуға құқылы. Егер ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында өзгеше белгiленбесе, пайды кооперативтің мүшелерi болып табылмайтын тұлғалардың иелiгiне беруге болады. Пайды сату кезiнде кооперативтің басқа мүшелерi артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады.

2. Осы Заңның 29-бабы 1-тармағының 1), 3 — 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелiк тоқтатылған кезде кооператив мүшесiне немесе оның құқықтық мирасқорына оның пайы, сондай-ақ кооператив мүшесіне тиесілі кооперативтік төлемдер мен ауыл шаруашылығы кооперативінің таза табысының бір бөлігі төленедi (берiледi). Пай төлеу (беру) туралы шешiмдi ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды.

3. Пайды төлеу (беру) ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы белгiлеген мерзiмде жүзеге асырылады, бiрақ ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс.

4. Егер ауыл шаруашылығы кооперативінің кооперативтен шығатын мүшесiне оның пайын төлеуге (беруге) мүмкіндігі болмаса, кооперативтің жалпы жиналысы кооперативтің басқа мүшелерiнiң қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм шығарады, пай солардың есебiнен төленедi (берiледi).

5. Кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған кезде оның енгізген мүлік (пай) жарнасын төлеу ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімі есебінен, оның ішінде кооператив мүшелерінің қосымша жарналары есебінен ақшалай және (немесе) заттай нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Кооперативтің қауымдасқан мүшелері ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін үшінші тұлғаларға кепілдікті беруін талап ету құқығын иеліктен шығарған кезде міндеттемелерді орындауды ауыл шаруашылығы кооперативі кооперативтің қауымдасқан мүшесімен жасалған шарттың немесе өзге де құжаттың талаптарына сәйкес осындай тұлғалар жүзеге асырады.

6. Кооператив мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінен шыққан кезде оларға жер учаскелері немесе оларға заттық құқық түрінде пай төлеу (беру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді.


Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ