Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
37-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы



Ст. 37 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ



1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы (бұдан әрі – тексеру одағы) – коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржы-шаруашылық қызметінің ішкі аудитін, осы қызметті үйлестіруді, тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудитке ілеспе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі.

2. Тексеру одағы оның құрылтайшылары болып табылатын кемінде он ауыл шаруашылығы кооперативінің бастамасы бойынша құрылады.

3. Ауыл шаруашылығы кооперативі өзінің таңдауы бойынша тексеру одақтарының біріне кіруге құқылы. Ауыл шаруашылығы кооперативінің бір мезгілде біреуден артық тексеру одағына мүше болуға құқығы жоқ.

4. Тексеру одағы өз қызметін осы Заңға, жарғыға және құрылтай шартына сәйкес жүзеге асырады. Тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысы және тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысы сайлайтын оның байқаушы кеңесі тексеру одағын басқарудың жоғары органдары болып табылады. Байқаушы кеңесі еңбек шарты негізінде жалдайтын атқарушы директоры тексеру одағының атқарушы органы болып табылады.

5. Тексеру одағы тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысы бекітетін тексеру одағының қағидаларына сәйкес ішкі аудитті жүзеге асырады.

6. Тексеру одағының қаржылық қызметі оның құрылтай құжаттарына сәйкес тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілетін кірістер және шығыстар сметасы негізінде жүзеге асырылады. Тексеру одағының ішкі аудитті жүзеге асыруға және ішкі аудитке ілеспе қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығыстары мүшелік жарналар есебінен өтеледі, олардың мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген смета немесе өзге де көздер негізінде белгіленеді.

7. Тексеру одағы ішкі аудит нәтижелері бойынша жазбаша нысанда ішкі аудит қорытындысын жасайды, ол кооператив мүшелеріне және ауыл шаруашылығы кооперативінің бухгалтерлік есептілігін өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының ауыл шаруашылығы кооперативінің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы, ауыл шаруашылығы кооперативінің бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, ауыл шаруашылығы кооперативін басқарушы органдардың жарғының және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін сақтауы туралы белгіленген нысанда білдірген пікірін, сондай-ақ тексеру одағы мүшелерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін нашарлатуға немесе олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын ресми құжат болып табылады.

8. Ішкі аудит қорытындысының нысаны, мазмұны, оған қол қою және оны ұсыну тәртібі тексеру одағының қағидаларында айқындалады.

9. Тексеру одағы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

10. Тексеру одағының байқаушы кеңесі мүшелері санының кемінде елу пайызын осы тексеру одағының мүшелері болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері тексеру комиссияларының мүшелері құрауға тиіс.

11. Тексеру одағының атауы «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы» деген сөздерді қамтуға тиіс.

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 37-бап Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ