Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
11-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысы



Ст. 11 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысы мынадай мәселелердi шешедi: 

1) селолық тұтыну кооперативiн құру, оның фирмалық атауы және орналасқан жерi туралы шешiм қабылдайды; 

2) пайшылардың арыздары негiзiнде олардың аты-жөнi, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, сондай-ақ заңды тұлғалардың орналасқан жерi көрсетiлген тiзiмiн бекiтедi; 

3) кооператив қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлейдi; 

4) мүлiктiк (пайлық) жарналардың құрамын, мөлшерiн және оларды енгiзу мерзiмдерiн белгiлейдi; 

5) селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысын бекiтедi; 

6) атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарды сайлайды; 

7) селолық тұтыну кооперативiн мемлекеттiк тiркеуден өткiзу мерзiмiн, тәртiбiн және оған жауапты адамдарды белгiлейдi; 

8) селолық тұтыну кооперативiн құруға байланысты өзге де мәселелердi шешедi. 

2. Селолық тұтыну кооперативi құрылтай жиналысының шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Құрылтай жиналысының хаттамасына құрылтай жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы