Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
24-бап. Пайшы кооператив мүлкiндегi үлеске құқығынан айрылған жағдайда селолық тұтыну кооперативiне мүшелiктiң тоқтатылуы



Ст. 24 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативiнің мүлкiндегi үлеске құқығынан айрылған пайшы өзiнiң кооперативтегi мүшелiгiн тоқтатады. 

2. Пайшы үлесiнен мынадай негiздерде:

сату;

сыйға тарту;

мұраға қалдыру;

кепiлге салу;

өзге түрде иелiк ету;

сот шешiмi негiздерiнде айрылады. 

3. Селолық тұтыну кооперативiнің мүлкiндегi үлес құқығынан айрылған пайшы бұл туралы селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы органына хабарлайды. Селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы органына мұндай ақпаратты кооператив мүлкiндегi үлеске құқық алған адамдар табыс етуi мүмкiн. 

4. Пайшы кооператив мүлкiндегi үлес құқығынан айрылған жағдайда селолық тұтыну кооперативiне мүшелiктi тоқтату селолық тұтыну кооперативi атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы