Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
69-бап. Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры)



Ст. 69 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры) қауымдастықтың (одақтың) қаржы-шаруашылық қызметiн бақылайды және қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi. Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясының мүшелерi (ревизоры) болып жалпы жиналыста олардың өкiлдерi арасынан қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi ғана сайлана алады. 

2. Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы өз құрамынан ашық дауыс беру арқылы қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясының төрағасын сайлайды. 

3. Қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры) өз қызметiнде осы Заңды, қауымдастықтың (одақтың) жарғысын, қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң жалпы жиналысы бекiткен қауымдастықтың (одақтың) тексеру комиссиясы (ревизоры) туралы ереженi басшылыққа алады.

Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 69-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы