Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Тұқым шаруашылығы туралы
2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлер мен субъектiлер

Ст. 2 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы объектiлерге:  

сорт (өскiн, топ, будан, жеке түр, аралас сорттар);  

тұқымдар;  

тұқымдық және тұқым өcipy егiстерi мен екпелерi жатады.  

2. Тұқым шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:  

сорттың авторы;  

сорттың оригинаторы;  

тұқым өндiрушiлер;  

тұқымдарды сату құқығынсыз үй жанындағы, бау-бақ, саяжай және бақша учаскелерiнде пайдалану үшiн тұқым өндiрумен шұғылданатан жеке адамдарды қоспағанда, тұқымдарды тұтынушылар;  

тұқымдардың сорттық және егу сапасын анықтау бойынша қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 

тұқым өткізушілер; 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия жатады. 

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 ...25

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385