Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұқым шаруашылығы туралы

Тұқым шаруашылығы туралы
9-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау



Ст. 9 Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385




1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жүзеге асырады және ол Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының, тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау:

1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2) сорттық және тұқымдық бақылауды;

3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды;

4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын мемлекеттiк сынауды бақылау.

3. Сорттық және тұқымдық бақылау:

1) тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, тасымалдау және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:

тұқым себу;

ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы;

жинау;

тұқым құю;

тұқым сақтау;

өткiзу (тұқымдардың өткiзуге дайындалған және өткiзiлген партияларын, оның iшiнде экспорт және импорт кезiнде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестiгiне тексеру) кезеңдерiнде тұқым шаруашылығы ережелерi мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.

 Белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң тұқым өндiруiн бақылау, ол мынадай кезеңдердi қамтиды:

тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру - тұқым себудiң алдында жылына бiр рет;

вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру - жылына үш рет;

сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау - байқау кезеңiнде бiр рет;

тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбiр түрi бойынша жылына екi рет.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын:

тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасын сараптау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;

тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдарды сорттық және себу сапасына зерттеулердiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайдағы бақылауды;

3) байқаудан өткізу кезеңінде байқаудан өткізушілердің жұмысын, сондай-ақ тұқым өндірушілердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау нысанасына оларды тексеруді;

4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.

4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

 5. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 385