Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё
11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініш



Ст. 11 Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451



1. Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiште:

1) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi, мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi;

2) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);

3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;

4) негiзгi тақырыптық бағыты;

5) таралу аумағы;

6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.

2. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу кезiнде өзге талаптарды қоюға тыйым салынады.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Бұқаралық ақпарат құралдары туралыё 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451