Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32-2 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39


Утратил силу

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
32-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер

1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер болып табылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды. 

Психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам жеке көмекші бола алмайды. 

2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай: 

1) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар; 

2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиіс медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар; 

3) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ; 

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын; 

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген; 

6) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген; 

7) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтерді көрсету үшін шығарылған жерін, сипаттамаларын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған; 

8) санаторий-курорттық емдеуді және медициналық оңалтуды ұсыну кезінде медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар; 

9) ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне қолданылмайды. 

4. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай: 

1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген; 

2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған; 

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген; 

4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген; 

5) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күніне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, мүгедектігі бар адам өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. 

Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады. 

Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жылдан кейін оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу мүмкін болады. 

5. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді. 

Өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізу фактісі анықталған жағдайда, олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі. 

Ескерту. 3-тарау 32-2-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.10.2021 № 67-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...32 32‑1 32‑2 32‑3 33 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться