Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы
16-бап. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері



Ст. 16 Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV



1. Әлеуметтік қызметкердің:

1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына жаңа әдістемелер енгізуге, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға;

2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

3) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға құқығы бар.

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтардан басқа:

1) жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті мамандарды тартуға құқылы.

3. Әлеуметтік қызметкер:

1) өзінің кәсіби құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеруге;

2) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге;

3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;

4) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;

5) кәсіби шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруға;

6) кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге міндетті. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер, осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттерден басқа, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке сапалы бағалау жүргізуге және оны айқындауға міндетті.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV