Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы
5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері



Ст. 5 Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV



1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады.

2-1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.

3. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі.

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін.

5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді.

6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс.

7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.

 8. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV