Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
15-бап. Жәбірленушінің құқықтары



Ст. 15 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444



1. Жәбірленуші:

1) сақтандырушыға сақтанушының (сақтандырылушының) жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтанушымен (сақтандырылушымен) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға беруге;

3) денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;

4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған, келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;

5) осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерін азайтуы туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

7) келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемі сомасынан асатын мөлшерінде келтірілген зиянды өтеу туралы тасымалдаушыға талап қоюға құқылы.

2. Осы Заңда көзделген жайларда, жәбірленушінің осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтары пайда алушылар ретінде әрекет етуші өзге тұлғаларға өтеді.  
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444