Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
21-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы шарттары



Ст. 21 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444



1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы тарапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға жазбаша нысанда сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттармен қоса ұсынады.

2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) сақтандыру полисі (оның дубликаты);

2) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжат;

3) көліктегі сақтандыру жағдайы туралы тасымалдаушы жасаған акті;

4) жолаушыға билет берілген жағдайда - жол жүру билеті немесе оны алмастыратын құжат (билеттерді сату) ведомосының немесе билет түбіртегінің тасымалдаушы растаған көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ресімделген куә айғақтары;

5) жәбірленушіге еңбекке уақытша қабілетсіздіктің мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдары анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің мүгедектік белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі - ол белгіленген жағдайда;

6) жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және пайда алушының зиянды өтеттіру құқығын растайтын құжат (көшірмесі) - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;

7) жәбірленушінің жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің тізбесі - мүлікке зиян келтірілген жағдайда;

8) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (сақтандырылушының) залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар - олар болған кезде.

Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбірленушіден басқа да қосымша құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.

2-1. Тасымалдаушы жасаған көліктегі сақтандыру жағдайы туралы актіде мынадай мәліметтер болуға тиіс:

1) жәбірленушінің тегі, аты, әкесінің аты;

2) көлік түрі;

3) рейс нөмірі, поезд нөмірі, кеменің атауы және т.с.с;

4) жол жүру бағыты;

5) жәбірленушіде болған жол жүру билетінің сериясы және нөмірі;

6) сақтандыру жағдайының басталу орны, күні және уақыты;

7) жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зақымдардың сипаты;

8) жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зақымдардың сипаты;

9) сақтандыру жағдайының мән-жайына қысқаша сипаттама;

10) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті органның атауы;

11) жәбірленуші жіберілген медициналық мекеменің атауы және орналасқан жері;

12) көлік ұйымы не көлік құралы басшысының тегі, аты, әкесінің аты және қолы;

13) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы;

14) тасымалдаушының мөрі (ол болған кезде).

3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылдаған күнді көрсете отырып анықтама беруге міндетті.

4. Жәбірленуші (ол қайтыс болған жағдайда - жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтеттіруге құқылы тұлға), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленушіге (зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлға) келтірілген зиянды осы Заңда белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеуші және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.

5. Жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі оған (зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлғаларға) басқа сақтандыру шарттары бойынша тиесілі сомаға қатыссыз жүзеге асырылады.

6. Жәбірленушінің жазбаша ресімделген өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхаты бойынша сақтандыру төлемі оның денсаулығын және (немесе) мүлкін қалпына келтіру жөнінде қызмет көрсеткен (көрсетуші) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

7. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқығы жоқ.

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444