Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
23-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы



Ст. 23 Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444



1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегінде мынадай жағдайларда:

1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның, қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекетін қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері салдарынан басталса;

2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның көлік құралын алкогольге, есірткіге немесе уытқұмарлыққа мастық күйі жүргізуі салдарынан басталса;

3) көлік құралын жүргізуші адамның оны жүргізу құқығы болмаса;

4) соттың істі қарау барысында сақтандыру жағдайы көлік құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) білгені немесе білуге тиісті екені анықталса;

5) көлік құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;

6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбаған кезде кері талап қоюға құқылы.

2. Егер осы баптың 1-тармағында санамаланған жағдайларда келтірілген зиянға көлік құралын оның иесімен еңбек қатынасына орай немесе оның иесінің қатысуымен мәміленің жазбаша нысанын ресімдемей пайдаланған тұлға кінәлі болып табылса, онда сақтандырушының осы көлік құралының иесіне кері талап қоюға құқығы бар.

3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушы сақтандыру нәтижесінде өтеген шығындар үшін жауапты тұлғаға қатысты кері талап құқығы ауысады.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 23-бап Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444