Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
3-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi мiндеттерi



Ст. 3 Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513



1. Туроператордың немесе турагенттiң туристiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруы кезiнде туристердiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

2. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi:

1) туристiң мүлiктiк немесе өзге де мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету;

2) туроператордың турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болған кезде туроператордың немесе турагенттiң өз қызметiн жүзеге асыруы;

3) туроператордың немесе турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.

Статья 1 2 3 4 5 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513