Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
4-бап. Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi



Ст. 4 Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513



1. Туроператордың туристiк өнiмдi қалыптастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi – туроператордың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.

2. Турагенттiң туроператор қалыптастырған туристiк өнiмдi ілгерілету және өткізу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезінде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi – турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
2-тарау. Туроператордың немесе турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету

Статья 1 2 3 4 5 6 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 513