Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi



Ст. 19 Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық ж 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580



1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) не пайда алушы болып табылатын өзге тұлға мынадай құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда ұсынады:

1) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесi;

2) пайда алушының келтiрiлген зиян мен оның мөлшерiн растайтын құжаттарды қоса тiркеп, зиянды өтеу туралы сақтандырушы мойындаған талаптары немесе қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген сот шешiмi;

3) зиянды болдырмау немесе мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (болған жағдайда).

2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.

3. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғадан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.

4. Үшiншi тұлға (ал ол қайтыс болған жағдайда - оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқығы бар тұлға) немесе келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңмен белгiленген жауапкершiлiгiнiң шегiнде үшiншi тұлғаға (зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлемiн алуға құқық алған өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

5. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды алған күнiнен бастап отыз күннен кешiктiрмей жүргiзедi.

6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

7. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешімімен танылған зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру олардың түсу ретімен, ал бірнеше өтініш бір мезгілде түскен кезде мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) бiрiншi кезекте жеке тұлғалардың өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады;

2) екiншi кезекте жеке тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледi;

3) үшiншi кезекте заңды тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледі.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық ж 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580