Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
28-бап. Баға бойынша мiндеттемелер қабылдаудың талаптары



Ст. 28 Субсидиялар және өтем шаралары туралы




1. Iстi қарау рәсiмi баға бойынша мiндеттеме алынғаннан кейiн уақытша немесе түпкiлiктi өтем шаралары енгiзiлмей аяқталуы мүмкiн, оған сәйкес: 1) тауар шығарылған немесе экспорттаған елдiң үкiметi субсидияны жоюға немесе шектеуге келiсiм бередi; 2) өнiм берушi өз бағасын қайта қарауға немесе шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар экспортын тоқтатуға мiндеттенедi. 2. Мұндай мiндеттемелер бойынша бағаны көтеру ерекше субсидиялар мөлшерiнiң орнын толтыру үшiн қажет мөлшерден көп болмауға тиiс. Егер шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауарды осы бағамен беру отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiрмесе, бағаның көтерiлуi ерекше субсидиялардың мөлшерiнен кем болуы мүмкiн. 3. Баға бойынша мiндеттеменi уәкiлеттi орган ұсынуы мүмкiн, бiрақ өнiм берушi өзiне осындай мiндеттеме қабылдауға мәжбүр етiлмеуге тиiс. 4. Баға бойынша мiндеттеменi уәкiлеттi орган осы Заңның ерекше субсидиялардың және отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянның немесе оның туындау қаупiнiң болуы жөнiндегi 25 және 26-баптарына сәйкес өзi ерекше субсидияның және материалдық зиянның немесе зиян келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала қорытынды шығарғаннан кейiн ғана қабылдауы мүмкiн. 5. Егер уәкiлеттi орган баға бойынша мiндеттеменi қабылдау өнiм берушiлер санының көп болуы салдарынан не уәкiлеттi орган өнiм берушiге хабарлауға тиiс болатын басқа себептер бойынша iс жүзiне аспайды деп есептесе, оның қабылданбауы мүмкiн.


Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы