Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
31-бап. Сарапшының қорытындысы



Ст. 31 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV




1. Сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеулердің нәтижелері бойынша өз атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасын сот сараптамасының органы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрiмен расталады.

2. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуiне қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезiнде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектiлерi; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiлген зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негiздемесi және тұжырымы көрсетiлуге тиiс.

3. Егер осы Заңның 32-бабында көрсетілген мән-жайлар сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған болса, қорытындыда сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған барлық сұрақтарға немесе олардың кейбіреуіне жауап қайтару мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.

4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.

5. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер де, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

 Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV