Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
22-1-бап. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері



Ст. 22-1 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың хат-хабарлары мен арнаулы жөнелтімдерін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жеткізу жөніндегі өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді орындау кезінде мыналарға: 

1) мемлекеттік органдарға, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол составтарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз (бірінші кезекте және ақысыз) кіруге; 

2) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарында кезексіз билет алуға; 

3) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарына тиесілі барлық көлік құралдарына жалпы отырғызу басталғанша жарақталған жауынгерлік атыс қол қаруымен және суық қарумен кедергісіз мінуге; 

4) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар. 

2. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің қызмет өткеруге байланысты міндеттері "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 

Ескерту. 3-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...21 22 22-1 22-2 23 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-1-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567