Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
32-бап. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерi



Ст. 32 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерi - дауыстық телефония мен жеткiзу жолдарын пайдалану секторында бекiтiлген байланыс қызметтерi, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қызмет көрсету сапасының параметрлерiмен халыққа беру мiндеттi болып табылады.

2. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн берудiң негiзгi өлшемдерiне:

1) байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн бағаның қолжетiмдiлiгi;

2) тұрған жерi бойынша елдi мекен санатын және тұрғындар санын ескере отырып айқындалатын қолжетiмдiлiк;

3) белгiленген уақыт кезеңi iшiнде жеке телефондар орнатуға немесе қолжетiмдi жолдың белгiлi бiр санын енгiзуге (қоғамдық телефондар орнатуға) өтiнiмдердi қанағаттандыруды ескере отырып айқындалатын уақыт бойынша қолжетiмдiлiк жатады.

 3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы үшін республикалық бюджетке қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы , сондай-ақ ұялы байланыс берiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының салық  заңдарында айқындалатын тәртiппен төлемақы енгiзiледi.

3-1. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді қайта баланстау жоспарын уәкілетті орган бекітеді.

4. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiне тарифтер мiндеттi мемлекеттiк реттеуге жатады және оларды уәкілетті орган бекiтедi.

Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567