Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 126 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
126-бап. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын қолдану

1. Осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған ставкалар қолданылады. 

2. Егер осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалар қолданылады. 

3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кедендік әкету баждарын есептеу мақсаттары үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген мөлшерлемелер қолданылады. 

4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған не Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілері анықталған кезде салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады. 

5. Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен кедендік транзит рәсімімен орналастырылған тауарлардың Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында орналастырылғаны белгіленген (расталған) болса, осы Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады. 

Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.04.2015 № 308-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...124 125 126 127 128 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 126-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV