Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР кеден iсi туралы
15-бап. Кеден ісі саласындағы құқық қорғау қызметі



Ст. 15 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден ісі саласындағы қылмыстық әрекеттерді тергеп-тексеруді мемлекеттік кіріс органдарының экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық құқық бұзушылық деп танылатын, ол бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жатқызылған құқыққа қарсы іс-әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған адамдарды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...477 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV