Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 23 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
23-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру

1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ауызша түсіндірулер мен хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ бейне-, дыбыс және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып, оның ішінде көпшіліктің қолы жетімді және тегін таныстырылатын мынадай жерлерде: 

1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде; 

2) әуежайларда, теміржол және автомобиль станцияларында, су порттарында; 

3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлік құралдарында; 

4) осы Кодексте айқындалатын кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жүзеге асырады. 

2. Кеден органдары тұлғалардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа олардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV