Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 249 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
249-бап. Авария, еңсерілмейтін күш әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде қолданылатын шаралар

1. Егер Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін тауарларды келу орнына жеткізу үзілсе, сондай-ақ, егер су немесе әуе кемесі авария, еңсерілмейтін күш әсері не тауарларды жеткізуге, белгіленген орындарға тоқтауды немесе қонуды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар салдарынан Кеден одағының кедендік аумағына мәжбүрлі тоқтаса немесе қонса, тасымалдаушы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына (егер олардың халықаралық тасымалдау көлік құралы зақымдалса) не кеден органы көрсеткен өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушыда туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.
Статья 1 ...247 248 249 250 251 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 249-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV