Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР кеден iсi туралы
250-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі туралы хабарлама

Ст. 250 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

1. Тасымалдаушы осы Кодекстің 251-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көліктің түріне қарай кеден органын Кеден одағының кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы хабардар етуге міндетті. 

Құжаттарды тасымалдаушының атынан кеден өкілі не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар табыс етуі мүмкін. 

2. Тасымалдаушы, кеден өкілі не өзге де мүдделі тұлға кеден органына тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде келгеніне дейін олар туралы алдын ала ақпаратты беруге құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпаратты беруге міндетті. 

3. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжаттар түрінде табыс етуге құқылы. 

4. Аумағына тауар келіп түскен Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде жасалған құжаттарды ұсынған кезде мұндай құжаттардағы мәліметтерді аударуды тасымалдаушы немесе өзге мүдделі тұлға қамтамасыз етеді.

Статья 1 ...248 249 250 251 252 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 250-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV