Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 365 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
365-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған)тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды. 

2. Декларанттың кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндеті: 

1) қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы уақытында кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 360-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталған кезде; 

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады. 

3. Мыналар: 

1) тауарлар қайта өңдеу жөніндегі операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берілген кезде – тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды беру фактісі анықталған күні; 

2) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін тауарларды жоғалтқан кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды жоғалту фактісін анықтаған күні; 

3) осы Кодекстің 360-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде – тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі. 

4. Кедендік әкету баждары тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкету баждарының сомасына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады.

Статья 1 ...363 364 365 366 367 ...477

Перейти к статье






Добавить комментарий к 365-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV