Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
70-бап. Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары



Ст. 70 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық жеткізгіште, кеден органдарының интернет-ресурсында және (немесе) ақпараттық жүйесінде қамтылған ақпарат кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары болып табылады.

2. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде ұсынылатын құжаттар мен мәлiметтер, сондай-ақ оларды жасау үшiн қажеттi құжаттар негізінде қалыптастырылған кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетiмдiлiк шектеулi болады.

Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және оларға қол жеткізу тәртiбi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында айқындалады.

3. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады.

Жалпыға бiрдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстар кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында және "электрондық үкіметтің" веб-порталында орналастырылады.

Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...477 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 70-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV