Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 68 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
68-бап. Декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың меншігіндегі бағдарламалық өнімдер

1. Осы Кодексте көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдер сәйкес болуға тиіс талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Көрсетілген талаптар кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады. 

2. Бағдарламалық өнімдердің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана оларды кедендік мақсаттар үшін пайдалануға жол беріледі. 

3. Бағдарламалық өнiмдерге тексеру жүргiзу үшiн осы баптың 1-тармағында аталған тұлға кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органға мыналар қамтылған бағдарламалық өнiмге тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бередi: 

1) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер: жеке тұлға үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және оның тұрғылықты жерi (мекенжайы); заңды тұлға үшiн – атауы және орналасқан жерi (мекенжайы); сәйкестендiру нөмiрi; 

2) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi; заңды тұлға үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі. 

Өтінішке оны жасаған адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, мөрмен куәландырады. 

4. Өтінішпен бірге мынадай құжаттар: 

1) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 

2) бағдарламалық өнімдерге бағдарламалық және пайдалану құжаттамаларының жиынтығы; 

3) бағдарламалық өнімді әзірлеу кезінде лицензияланған бағдарламалық құралдардың пайдаланылғанын растайтын құжаттар; 

4) әзірленген бағдарламалық өнім арқылы кедендік құжаттарды толтырудың ережелеріне сәйкес ресімделген кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің үлгілері қоса берілуге тиіс. 

5. Өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініште көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және тексереді. 

6. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілердің тізілімін жүргізеді, онда мынадай мәліметтер: 

1) бағдарламалық өнімді әзірлеуші болып табылатын тұлғаның атауы; 

2) бағдарламалық өнімнің атауы; 

3) бағдарламалық өнім нұсқаларының нөмірі; 

4) электронды кедендік құжаттардың түрі қамтылады. 

7. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (не оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірілмей өтініш берушінің мекенжайына жіберіледі. Бағдарламалық өнімді әзірлеушіні тізілімге енгізуден бас тартылған жағдайда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тарту себептері туралы аталған тұлғаны жазбаша нысанда хабардар етеді. Өтініш беруші ескертулерді жойғаннан кейін осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес құжаттарды қайтадан табыс етуге құқылы. 

8. Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық өнімдерді әзірлеушілерді тізілімге енгізу және шығару туралы ақпарат тиісті бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылады. 

9. Бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар өзгерген жағдайда жариялануға және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ресми интернет–ресурсында, веб-порталында орналастырылуға жатады. 

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бұрын тексерген бағдарламалық өнімді өз қызметінде пайдаланатын тұлға оларды осы тарауда көзделген тәртіппен жаңадан белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті. 

Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...66‑1 67 68 69 70 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться