Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 392-5 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
392-5-бап. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді қолдану және кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындау

1. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі болып табылады. 

2. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін осындай тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, оның ішінде тауардан оны тұтынғанға дейін бөлінбейтін және (немесе) тауар бөлшек сатылым үшін ұсынылатын тауардың бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, тауардың көлемі немесе өзге де сипаттамалары) оларды есептеу және қолданылатын мөлшерлеме түрлері үшін негіз болып табылады. 

3. Әкелінетін электрондық сауда тауарларының құны осындай тауарларды сатып алу туралы құжатта (чектер, шоттар, банктік төлем құжаттары) көрсетілген олардың қорытынды құны туралы ақпарат негізінде, ал электрондық сауда операторлары кедендік операцияларды жасаған кезде – осындай тауарларды сатып алу туралы электрондық сауда операторлары электрондық сауда алаңынан алған мәліметтер (мұндай ақпарат болған кезде) негізінде Комиссия бекіткен нысан бойынша экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. 

4. Электрондық сауда тауарларының құны анық, сандық жағынан анықталған және құжатпен расталған ақпарат негізінде мәлімделуге тиіс. 

5. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік алымдар алынбайды. 

6. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады. 

7. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бекіткен нысан бойынша экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны не электрондық сауда операторлары пайдаланатын және шығару үшін қажетті мәліметтерді қамтитын электрондық түрдегі өзге де құжатты (бұдан әрі – өзге электрондық құжат) тіркеген күні қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады. 

8. Электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлғада кедендік төлемдерді төлеу міндеті туындайды. Электрондық сауда тауарларын дербес кедендік декларациялау кезінде бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуші декларант болып табылады. 

Электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды декларанттардың атынан электрондық сауда операторлары жүзеге асырған кезде бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер электрондық сауда операторлары болып табылады, бұл ретте электрондық сауда операторлары кедендік төлемдерді төлеуге шеккен шығындарды өтеу бөлігінде электрондық сауда операторлары мен декларанттар арасындағы өзара қатынастар шарттық негізде жүзеге асырылады.
Статья 1 ...392‑3 392‑4 392‑5 392‑6 392‑7 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация



ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться