Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Телерадио хабарларын тарату туралы
15-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін радиожиілік спектрін пайдалану



Ст. 15 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV



1. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін бос жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөнінде конкурс өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Конкурс өткізу туралы шешім ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

3. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

4. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган бередi.

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатта техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде үлгілері, географиялық координаттары, сондай-ақ пайдаланылатын таратушы радиоэлектрондық құралдардың нақты қуаты көрсетілген антенна құрылғыларының орналасуы көрсетілуге тиіс.

5. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн радиожиiлiктi есептеудi, оны радиожиiлiк органдарымен келiсудi және халықаралық үйлестiрудi телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.

 Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV