Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Телерадио хабарларын тарату туралы
37-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату

Ст. 37 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Спутниктік телерадио хабарларын тарату байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді. 

2. Спутниктік телерадио хабарларын тарату Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телерадио хабарларын тарату сигналдарын таратуға арналған. 

3. Телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаты және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады. 

4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты таратуға тыйым салынады. 

5. Дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...43

Перейти к статье






Добавить комментарий к 37-бап Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV