Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауар биржалары туралы
13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері



Ст. 13-2 Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV




1. Тауар биржасының:

1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес биржалық сауда-саттықты өзі өткізетін сауда режимдерін айқындауға;

2) биржалық сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;

3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Тауар биржасы:

1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;

2) өз интернет-ресурсын иеленуге;

3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;

4) биржалық сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға;

5) уәкілетті органға есептіліктің күнделікті электрондық нысанын ұсынуға міндетті.

 Ескерту. 4-тарау 13-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).


Статья 1 ...13 13-1 13-2 14 15 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-2-бап Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV