Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауар биржалары туралы
27-бап. Тауар биржасының қызметін тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешімі



Ст. 27 Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV



Уәкілетті орган тауар биржасының қызметін тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелері бойынша:  

1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы қорытынды жазады;  

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды;  

3) тауар биржасына Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактілерін жою туралы нұсқама шығарады;  

4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін материалдарды құқық қорғау органдарына береді; 

5) материалдарды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өзге де мемлекеттік органдарға береді. 

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV