Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 1 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1) айрықша құқық – тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы; 

1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер – жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер; 

1-2) бірдей тауар белгілері – барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер; 

1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер – бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер; 

2) бюллетень – тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 

3) географиялық көрсеткіш – белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бірыңғайландыру көрсеткіші; 

4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі; 

4-1) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; 

4-2) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама; 

5) өтініш беруші – тауар таңбасын тіркеуге немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтініш берген заңды немесе жеке тұлға; 

6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары; 

6-1) Сингапур шарты – 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты; 

7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы – 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама; 

8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi; 

9) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану - тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу; 

10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға; 

11) тауар шығарылған жердiң атауы – елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі; 

12) ұжымдық тауар таңбасы – бұл заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң (бұдан әрi – бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (көрсетілетін қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...48

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456