Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау



Ст. 4 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456



 Ескерту. 4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi. 

2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі. 

3. Тауар белгісіне құқық Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу туралы жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады. 

4. Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.

 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...3 3-1 4 5 6 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456