Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
40-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiн және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуын тоқтату және оларды жарамсыз деп тану



Ст. 40 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456




1. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу: 

1) осы географиялық объектiге тән жағдайлардың жойылуына және Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде осы тауар шығарылған жер атауы жөнiнде көрсетiлген қасиеттерi бар тауар өндiрудiң мүмкiн болмауына байланысты; 

2) тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың шығарылатын елде тоқтатылуына байланысты доғарылады. 

2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуы:

1) осы Заңның 34-бабында белгiленген оның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты; 

2) осы тауар шығарылған жер атауына қатысты Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айырықша қасиеттердi тауардың жоғалтуына байланысты; 

3) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнің уәкiлеттi органға берген өтiнiшi негізiнде; 

4) заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлға - тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң кәсіпкерлiк қызметi тоқтатылған кезде доғарылады. 

3. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмi бойынша жарамсыз деп танылады. 

4. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы қолданылуын тоқтатқан немесе олар жарамсыз деп танылған кезде сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне оларды жою туралы жазба енгiзедi.

Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен.  
12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және
тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын пайдалану
құқықтарын қорғау


Статья 1 ...38 39 40 41 41-1 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456