Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Трансферттiк баға белгiлеу туралы

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
6-бап. Мәмілелер мониторингі



Ст. 6 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV



1. Мәмілелер мониторингі мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларды уәкілетті органдардың байқап отыруы арқылы жүзеге асырылады.

2. Тізбесін уәкілетті орган бекітетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады.

3. Мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқығаны анықталған жағдайда уәкілетті органдар мәмілелер мониторингінің нәтижелері бойынша трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізеді.

4. Мәмiлелер мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi және оларда мәмiлеге қатысушының мәмілелер мониторингі бойынша бекiтiлген есептiлiк нысандарын толтыру және оларды уәкілетті органдарға ұсыну тәртібі, сондай-ақ мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргiзу тәртібі қамтылады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV