Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
24-2-бап. Ақпараттық қамтамасыз ету



Ст. 24-2 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



1. Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мініп транзитпен жүретін жолаушыларды теміржол (қала маңы қатынасынан және билет кассаларымен жабдықталмаған жерлерде жолаушыларды отырғызу жағдайларынан басқа), әуе және теңіз көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар, оның ішінде шетелдік тасымалдаушылар, сондай-ақ әуежайлардың пайдаланушылары уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелер мен дерекқор арқылы мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынуды қамтамасыз етеді.

2. Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді беру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларға билеттерді ресімдеу кезінде билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам мынадай деректерді:

1) тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде);

2) ол бойынша жол жүру құжаты (билет) сатып алынатын жеке басты куәландыратын құжаттың түрін және нөмірін;

3) жөнелту орны мен күнін, межеленген пунктті, жүру маршрутының түрін (ауысып мінбейтін, транзиттік);

4) билеттер сатуды жүзеге асыратын тасымалдаушы немесе өзге де адам осы жолаушымен байланыса алатын байланыс деректерін (электрондық почтасының мекенжайын және (немесе) телефон нөмірін) жолаушының келісімімен жазуды қамтамасыз етеді.

4. Билеттерді сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оларды ресімдеу кезінде мәліметтердің қазақ және орыс тілдерінде толтырылуын, ал халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде қосымша ағылшын тілінде толтырылуын қамтамасыз етуге міндетті.

 Ескерту. 4-бөлім 24-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
5 бөлiм. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...24 24-1 24-2 25 25-1 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-2-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156