Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
25-бап. Көлiктiк бақылау және қадағалау



Ст. 25 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология жөнiндегi талаптардың сақталуына көлiктiк бақылауды және қадағалауды уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

 Уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыратын көлiктiк бақылау:

1) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiнiң сақталуын бақылауды;

1-1) мүгедектерге жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлар жасалуын бақылауды;

2) темiр жол көлiгiндегi, оның iшiнде магистральдық, стансалық және кiре берiс темiр жолдарындағы қозғалыс қауiпсiздiгінiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;

3) темiр жол қозғалыс құрамының мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды;

4) кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды;

4-1 жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылауды және қадағалауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қолдануды;

5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының сақталуын бақылауды;

6) рұқсаттық бақылауды;

7) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9) ішкі су жолдарында жүзу қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды;

10) техникалық пайдалану ережелерi мен кемелердегi қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;

11) лоцмандық қызметті және өзге де теңіз қызметтерін бақылауды және қадағалауды;

12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;

13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуiн бақылауды;

15) автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауын бақылауды;

16) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етiлген параметрлерiнiң сақталуын бақылауды қамтиды.

17) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киім (погонсыз) киiп, талап ету бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге тиiс.

Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.

Уәкiлеттi мемлекеттiк орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi;

18) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi ережелерiне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды;

19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерiнiң кәсiби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелерi бойынша белгiленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуiн бақылауды және қадағалауды;

20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды және қадағалауды;

21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететiн құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды және қадағалауды;

22) аэродромдар (вертодромдар) объектiлерiнiң және ұшу-қону алаңдарының күтiп ұсталуын бақылауды;

23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектiлердi таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;

24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;

25) авиациялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды;

26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

28) жеке және заңды тұлғалардың темiржол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін, халықаралық шарттарын сақтауын бақылауды, оларды бұзушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесу жөнiнде шаралар қолдануды қамтиды;

29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...24-1 24-2 25 25-1 25-2 26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156