Ст. 10 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату
1. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауға байланысты резиденттер мен бейрезиденттер қатынастарының жиынтығы ретінде айқындалады. 2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында және шетелде сатуға және (немесе) сатып алуға құқылы.
3. Заңды тұлғалар және шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) (уәкілетті банктерді қоспағанда) Қазақстан Республикасында шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алуды және (немесе) сатуды Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті ұйымдар уәкілетті банктермен жасасқан шарттар негізінде өз қызметінің мақсаттары үшін олармен қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
4. Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуы және (немесе) сатуы тек қана айырбастау пункттері арқылы жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат ұсынады.
Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөніндегі ақпаратты уәкілетті банктердің ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын растау бойынша резидент-заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптарды белгілейді.
7. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның пайдаланылуын растау бойынша резидент-заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптар, сондай-ақ одан асып кеткен кезде осы талаптар қолданылатын сатып алу сомасы үшін шекті мән Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?
Помогите пожалуйста
Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет
Добрый день !
Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях
Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге
Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию
Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире
Спасибо !
Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка
"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"
Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:
По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей