Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
19-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң өкілеттіктері

1. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз құзыреті шегінде, резиденттер және бейрезиденттер Қазақстан Республикасында жүргiзетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес келуі бөлігінде осы операцияларды бақылауды жүзеге асырады.  

2. Валюталық бақылау органдары валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін айқындауға, валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға, Қазақстан Республикасында барлық резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін мiндеттi болып табылатын, анықталған бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы талаптар қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдауға құқылы. 

3. Валюталық бақылау агенттері: 

1) операциялар, оның iшiнде клиенттердің тапсырмалары бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 

2) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептiлiктiң толықтығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге;  

3) өздерінің клиенттері жол берген, өздеріне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің өкiлеттiктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға; 

4) валюталық бақылау органдарына өздерінің қатысуымен жүргізiлетiн валюталық операциялар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға мiндеттi. 

4. Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз өкiлеттіктерiн жүзеге асыру кезінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес электрондық нысанда ақпарат алмасу кезінде өздеріне белгiлi болған, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынуды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi. 

5. Уәкiлеттi банк резиденттің және (немесе) бейрезиденттің валюталық операциялары бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, олар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.  

6. Валюталық бақылау агенттері Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында осы Заңға сәйкес резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардан: 

1) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжатты; 

2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжатты (ол болған кезде); 

3) заңды тұлғалар және заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар үшін – құрылтай құжаттарын және өзге де құжаттарды, оның ішінде осы тұлғаның қатысушыларын сәйкестендіретін құжаттарды; 

4) валюталық шартты немесе оның көшірмесін, оның ішінде осы Заңда белгіленген жағдайларда есептік нөмір берілгені туралы белгісі бар валюталық шартты немесе оның көшірмесін; 

5) осы Заңда белгіленген жағдайларда лицензияны; 

6) валюталық шарттар бойынша мiндеттемелердiң орындалғанын не солардың негiзiнде міндеттемелерді орындау қажет болатынын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді; 

7) осы Заңның 15-бабына сәйкес валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтерді талап етуге құқылы.  

Уәкілетті банк валюталық шарттардың және осы тармақта талап етілетін өзге де құжаттардың түпнұсқаларын, сондай-ақ шет тілінде жасалған құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын танысу үшін сұратуға құқылы. 

7. Валюталық бақылау агенттерінің жүргізілетін валюталық операцияға қатысы жоқ құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.  

8. Тұлға Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған, анық емес құжаттарды ұсынған жағдайларда не Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген әрекеттерді жүзеге асырмаған кезде уәкiлеттi банктер валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырудан бас тартады.  

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 20‑1 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться