Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ветеринария туралы
13-1-бап. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар



Ст. 13-1 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339



1. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:

1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;

2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;

3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.

2. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.

3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:

1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;

2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);

3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.

4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар хабарламаға:

1) тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын, ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекемделген жиынтық кестені (заңды тұлғалар);

2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесін (жеке тұлғалар);

3) мамандандырудан немесе біліктілігін жетілдіруден және оны арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификатты;

4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесін қоса береді.

5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:

1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;

2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);

3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.

Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:

1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;

2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

6. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:

1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;

2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);

3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.

Хабарламаға осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

7. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған кезде талап етілмейді.

 РҚАО-ның ескертпесі!

7-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.

 Ескерту. 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

Статья 1 ...12 13 13-1 14 14-1 ...37 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-1-бап Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339