Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Соғыс жағдайы туралы

Соғыс жағдайы туралы
5-бап. Соғыс жағдайының кезеңi



Ст. 5 Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391



1. Соғыс жағдайының кезеңi соғыс жағдайы енгiзiлген уақыттан басталады және соғыс жағдайының күшi жойылған уақытпен аяқталады.

2. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтардың және басқа да адамдардың, Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың
қызметiн шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгiленген қосымша мiндеттер жүктеу көзделедi.

3. Соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери басқару органдарының өкiлеттiктерi кеңейтiледi, оларға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы барлық функциялары көшедi.

4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.

5. Соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
2-тарау. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...17 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391