Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 21-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы
12-бап. Активтерді қайтару жөніндегі шаралар құрамы

1. Активтерді қайтаруға бағытталған шараларға: активтерді іздеу (ашып көрсету), олардың пайда болуын растау жөніндегі шаралар, алдын ала қамтамасыз ету шаралары, қамтамасыз ету шаралары, активтерді ерікті немесе мәжбүрлі түрде қайтару, тәркіленген немесе мемлекет кірісіне айналдырылған активтерді басқару жөніндегі шаралар және өзге де шаралар жатады. 

2. Қайтарылуға жататын активтердің болу фактісін анықтауға, олардың нақты және заңды тұрған жерін айқындауға, активтердің және активтерді иеленетін немесе бақылайтын тұлғалардың арасындағы корпоративтік, нақты және өзгедей байланыс схемаларын анықтауға және активтердің қайтарылуына бағдарланған одан арғы жұмысты жүргізуге қажетті өзгедей ақпаратты анықтауға бағытталған шаралар жиынтығы активтерді іздеу (ашып көрсету) жөніндегі шараларға жатады. 

3. Активтерді қалыптастырудың (иемденудің), олардың пайда болуының, ұлғайтылуының заңдылығын растауға, мәліметтер мен дәлелдемелерді талдауға және бағалауға бағытталған шаралар жиынтығы активтердің пайда болуын растау жөніндегі шараларға жатады. 

4. Алдын ала қамтамасыз ету шараларына, қамтамасыз ету шараларына Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, шет мемлекеттердің заңнамасында көзделген шаралар жатады. 

5. Активтерді ерікті немесе мәжбүрлі түрде қайтару жөніндегі шараларға осы Заңның 4-тарауының ережелерінде көзделген шаралар жатады. 

6. Тәркіленген немесе мемлекет кірісіне айналдырылған активтерді басқару жөніндегі шараларға: 

1) активтерді басқаруға қабылдау; 

2) активтерді ұстауға және олардың сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстарды көтеру; 

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтерді өткізгенге не Қазақстан Республикасына қайтарғанға дейін оларды сыртқы (сенімгерлік) басқарушыларды тағайындау; 

4) тәркіленген немесе мемлекет кірісіне айналдырылған активтерді өткізуді қоса алғанда, активтерге билік ету шарттарын айқындау; 

5) алдын ала қамтамасыз ету шаралары, қамтамасыз ету шаралары қабылданған кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекет кірісіне айналдырылған кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

6) активтерді басқару және оларға билік ету бойынша өзге де мәселелер жөніндегі шаралар жатады. 

7. Осы Заңда көзделген шаралар шет мемлекеттерге құқықтық көмек беру қажет болған кезде де қабылдануы мүмкін.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться