Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 2 Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 21-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы
2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасында заңсыз алынған қаражатқа (кірістерге) иемденілген Қазақстан Республикасының аумағындағы активтер не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтер меншігінде, пайдалануында, иелігінде немесе бақылауында болатын (болған) не болжам бойынша болатын (болған) жеке тұлғаларға – Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаларға, сол сияқты құрылған (тіркелген) еліне қарамастан, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдарға қатысты Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.  

2. Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрған жеріне және меншігінде, иелігінде немесе бақылауында Қазақстан Республикасының аумағындағы активтердің болуына (болмауына) қарамастан, оларға қатысты қолданылады. 

3. Осы Заң, егер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұрын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған болса не Қазақстан Республикасының салық резиденттері болып табылса, мұндай адамдардың тұрған жеріне және меншігінде, иелігінде немесе бақылауында Қазақстан Республикасының аумағындағы активтердің болуына (болмауына) қарамастан, оларға қатысты қолданылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі аталған тұлғалардың немесе олардың үлестес тұлғаларының Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған не Қазақстан Республикасының салық резиденті болған кезеңде заңсыз иемденген активтеріне қатысты қолданылады. 

4. Осы Заң осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың үлестес тұлғалары болып табылатын (болып табылған) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады. 

Осы Заң шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген заңды тұлғаларға, сол сияқты құрылған (тіркелген) еліне қарамастан, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдарға, оның ішінде осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған және (немесе) Қазақстан Республикасында заңсыз алынған қаражатқа (кірістерге) иемденілген Қазақстан Республикасының аумағындағы активтер не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтер меншігінде, пайдалануында, иелігінде немесе бақылауында тікелей немесе жанама түрде болатын (болған) не болжам бойынша тікелей немесе жанама түрде болатын (болған) не осы баптың 1 – 3-тармақтарында аталған тұлғалардан активтерді иемденген тұлғалардың үлестес және (немесе) байланысты тұлғалары болып табылатындарға (болып табылғандарға) қатысты да қолданылады. 

5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарында көзделген ережелер ескеріле отырып, осы Заңның заңсыз иемденілген активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы нормалары мынадай белгілерге сәйкес келетін тұлғаларға қатысты қолданылады:  

1) осы Заңда көзделген көздерден өздеріне қатысты мынадай:  

осы адамның жауапты мемлекеттік лауазымды, мемлекеттік заңды тұлғада немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындауды көздейтін лауазымды атқаратын адам болып табылатыны (болып табылғаны) туралы және (немесе) жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын (атқарған) адамдарға және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғада немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын (орындаған) адамдарға қатысты әкімшілік-билік ресурстарының (байланыстың, ықпалдың) болуы (оның ішінде, бұрын болуы) туралы;  

әкімшілік-билік ресурстарын (байланысты, ықпалды) пайдалану нәтижесінде (пайдалана отырып) активтерді және (немесе) кірістерді (оның ішінде, бұрын алынған активтерден) алу (оның ішінде, акцияларын (жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін) жеке тұлға иеленетін заңды тұлғаларды қоса алғанда, тікелей немесе үлестес тұлғалар арқылы) туралы мәліметтер бар (жиынтығында) жеке тұлғалар (бұдан әрі – субъект); 

2) субъектілермен үлестес жеке және заңды тұлғалар. 

6. Шешімдерді (әрекетті, әрекетсіздікті) тікелей және (немесе) жанама немесе өзге де түрде айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімдерге (жасайтын әрекеттерге, әрекетсіздікке) қандай да бір ықпал етуге мүмкіндігі бар және (немесе) болған, төменде санамаланған негіздердің бірі бойынша субъектілермен немесе өзара байланысты жеке және (немесе) заңды тұлғалар субъектілердің үлестес тұлғалары болып табылады: 

1) туыстық қатынастары бар адамдар, жұбайы (зайыбы), оның ішінде бұрынғы жұбайы (зайыбы), жұбайымен (зайыбымен) туыстық қатынастары бар адамдар, оның ішінде бұрынғы жұбайымен (зайыбымен) туыстық қатынастары бар адамдар; 

2) туыстар, жұбайының (зайыбының) туыстары, сондай-ақ бұрынғы жұбайының (зайыбының) туыстары; 

3) жеке тұлғаның асырауындағы не онымен бірлесіп шаруашылық жүргізетін адамдар; 

4) осы бапта көзделген субъектінің немесе өзге де жеке тұлғаның әрекеттерді айқындауға нақты мүмкіндігі болатын, оның ішінде оларға, заңның, өзге де құқықтық актінің немесе құрылтай құжатының күшіне орай олардың атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген адамдарға, сондай-ақ заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын бірлестіктің (ұйымның) басқару органдарының мүшелеріне нұсқау беруге мүмкіндігі болатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және құрылған (тіркелген) еліне қарамастан, заңды тұлға құрмайтын бірлестіктер (ұйымдар); 

5) субъектілердің және олармен үлестес тұлғалардың тапсырмасы бойынша және (немесе) мүдделерінде өзгеше түрде әрекет ететін тұлғалар, оның ішінде осындай субъектілердің және олармен үлестес тұлғалардың мүлкін сенімгерлік басқарушылар болып табылатын, сол сияқты аталған субъектілердің және олармен үлестес тұлғалардың активін өзге де иемденушілер, номиналды немесе нақты иеленушілер болып табылатын тұлғалар; 

6) субъектілермен және олармен үлестес тұлғалармен жасалған келісімнің және (немесе) өзге де уағдаластықтың негізінде мүлікті иеленетін, пайдаланатын немесе оған билік ететін тұлғалар; 

7) субъектілермен және олармен үлестес тұлғалармен ортақ меншігі бар тұлғалар; 

8) субъектілерге және олармен үлестес тұлғаларға ортақ коммерциялық және экономикалық мүдделер арқылы байланысты жеке және заңды тұлғалар; 

9) субъектілер және (немесе) олармен үлестес тұлғалар тікелей және (немесе) жанама түрде бақылайтын заңды тұлға;  

10) трастық қорларды және (немесе) басқа да ұқсас құрылымдарды құруға тартылған, сондай-ақ құрылтайшыларын, қаржы ұйымдарын, оның ішінде банктерді, пайда алушыларды, басқарушыларды және активтерді басқарудың және (немесе) иеленудің және (немесе) пайдаланудың трастық және өзге де ұқсас құрылымына қатысы бар өзге де тұлғаларды қоса алғанда, трастық қорларды және (немесе) басқа да ұқсас құрылымдарды иеленуге және (немесе) басқаруға тартылған тұлғалар; 

11) комиссия субъектілермен және олармен үлестес тұлғалармен үлестес деп таныған өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар. 

7. Осы баптың 1 – 6-тармақтарында көзделген ережелер ескеріле отырып, осы Заңның тұлғаларды тізілімге енгізу, активтерді ашып көрсету жөнінде декларациялар тапсыру туралы, сол сияқты осындай тұлғалар активтерінің пайда болуы түсініксіз активтер деп танылуына байланысты оларды мемлекет меншігіне айналдыру туралы нормалары өздерінің (сол сияқты олардың мұрагерлерінің және құқықтық мирасқорларының) меншігінде, пайдалануында, иелігінде немесе бақылауында жиынтық мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он үш миллион еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын активтер болатын тұлғаларға қолданылады. 

Тұлға (тұлғалар тобы) активтерінің жиынтық мөлшері кез келген қолжетімді дереккөздер, оның ішінде бухгалтерлік, салықтық, аудиторлық есептілік мәліметтері, активтердің кадастрлық, баланстық, нарықтық, бағалау құны туралы мәліметтер, активтерді иемдену немесе кейіннен иеліктен шығару бағасы туралы мәліметтер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы талдамалық шолулар мәліметтері және басқа да мәліметтер негізінде айқындалады. 

Осы тармақтың мақсаттары үшін айлық есептік көрсеткіш оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, тұлға (тұлғалар тобы) активтерінің жиынтық мөлшері айқындалатын кезеңде қолданыста болатын (қолданыста болған) мөлшеріне сәйкес айқындалады. Егер тұлға (тұлғалар тобы) активтерінің жиынтық мөлшері бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында айлық есептік көрсеткішті белгілеу көзделмеген кезеңдегі күнге айқындалған болса, мұндай кезең үшін айлық есептік көрсеткіштің мәні – оның Қазақстан Республикасының заңнамасында алғаш рет белгіленген мәні болады. 

8. Субъектілер және (немесе) олардың үлестес тұлғалары өздеріне тиесілі активтерді иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын осы Заңда белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша сотта дәлелдеуге міндетті.
Статья 1 2 3 4 ...38

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться