Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы
5-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер



Ст. 5 Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу ту 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV



1. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін транзит декларациясын (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы қабылдаған (тіркеген) тауарларға қатысты кедендік транзитке рұқсат беру (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу) жүзеге асырылады, ал кеден одағының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен тасымалдау бұл транзит декларациясын (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы қабылдаған (тіркеген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады.

2. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органы кедендік транзитке рұқсат берген (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеген) тауарларды кедендік бақылаумен кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдау кедендік транзитке рұқсат берілген (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ресімделген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...12 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу ту 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV