Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары



Ст. 15 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ



1. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар қосымша ақпарат алу және беріліп отырған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуден өтеді. 

2. Зерттеу өткізудің негізгі міндеті: 

1) құқыққа қарсы ниеттерді; 

2) мінез-құлықтың жасырын бұзылуын, жағымсыз тәуелділіктерді, есірткі, психотроптық заттар және психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын өзге де психикаға белсенді әсер ететін заттар тұтынуды; 

3) сауалнамалық деректер, кірістері, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер жасыруды немесе бұрмалауды, қос азаматтығының болуын, жалған құжаттар пайдалануды; 

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, құпия немесе қызметтік ақпаратты бөгде адамдарға беру фактілерінің бұрын болуын; 

5) тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыс жасауды немесе егер бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуды; 

6) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануды анықтау болып табылады. 

3. Полиграфологиялық зерттеудің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. 

4. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ, АУДАНДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ


Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ