Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 19-10 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

Өсiмдiктердi қорғау туралы
19-10-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау қауiптi жүктердi көлiк құралдарымен тасу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бiрге немесе бұрын пестицидтердi (улы химикаттарды) тасу үшiн пайдаланылған көлiк құралдарымен тамақ өнiмдерiн, жемшөп және ауыз су тасуға қатаң тыйым салынады. 

3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау үшiн пайдаланылған көлiк алдын ала тазартылмай және көлiк құралы залалсыздандырылмай, басқа да тағамдық емес жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылуға тиiс емес.  

5-тарау. ӨСIМДIКТЕРДI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ


Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...19‑8 19‑9 19‑10 20 21

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-10-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331