Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өсiмдiктердi қорғау туралы
19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар



Ст. 19-8 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау:

1) телефонның, факстың, телекстiң нөмiрiн және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң (жеткiзушiнiң, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердiң) атауы және толық мекен-жайын;

2) пестицидтiң (улы химикаттың) атауы мен оның нысаналы мақсатын;

3) пестицидтiң (улы химикаттың) номиналды мөлшерiн (салмағын немесе көлемiн);

4) шығару партиясы нөмiрiнiң белгiленуiн;

5) дайындалған (шығарылған) күнiн;

6) қауiптiлiк қасиеттерiнiң және адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке әсер ету сыныптарының белгiлерiн (пиктограммаларын);

7) өнiмдi қауiпсiз сақтау, тасымалдау, өткiзу, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi ұсыныстарды қамтуға тиiс.

2. Буып-түюді таңбалау өшiрiлмейтiн анық әрiптермен немесе нышандармен түсiрiледi.

  Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...19-6 19-7 19-8 19-9 19-10 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-8-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331